Қазақстанның балалары өз суреттерін Астанаға арнайды

Жыл сайын ЮНЕСКО қамқорлығымен өтетін Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының «Балалар әлемді бейнелейді. Қазақстан» республикалық байқауының үздік жұмыстары Астанада көрмеге қойылады.  

25 маусымнан - 1 шілдеге дейін, Астананың 20-жылдығына орай, Оқушылар сарайында республиканың түрлі қалалары мен облыстарынан жолдаған қазақстандық балалардың суреттерінің көрмесі өтеді. Бұл суреттер 2018 жылдың ақпанында басталған «Балалар әлемді бейнелейді. Қазақстан» байқауына жолданған 7 000 суреттің ішінен іріктелді.   

1999 жылы ЮНЕСКО бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы мәдениет жылы аясында «Балалар әлемді бейнелейді» атты дүниежүзілік жобаны жариялады. Жобаның мақсаты – балалардың шығармашылығына, олардың өз елінің тарихын, мәдениеті мен салт-дәстүрін ұғынуына назар аудару.

Елімізде балалар шығармашылығын дамытуда көпжылдық еңбектің нәтижесі  - 1999 жылдан бері Қазақстанды дүниежүзілік қоғамға балалардың көзімен таныстыратын, ЮНЕСКО қамқорлығымен «Балалар әлемді бейнелейді. Қазақстан» бірігей альбом сериясын шығару болды.

 2010 жылдан бері жоба «Балалар әлемді бейнелейді. Орталық Азия»,  «Балалар әлемді бейнелейді. Түркі елдері (ТЮРКСОЙ)» және «Балалар әлемді бейнелейді. Ислам елдері (ИСЕСКО)» альбомдарын шығарып, халықаралық деңгейге шықты.

Аталған жобамен «Балалар Әлемді Бейнелейді» Қоғамдық Қоры, ЮНЕСКО-ның бай мәдени мұраны сақтауға бағытталған, мәдениет пен білім саласындағы бағдарламасына қолдау мен балалардың үйлесімді дамуына нақты көмек көрсетеді.

Астана тұрғындары мен қала қонақтарын Қазақстанның дарынды жас суретшілерінің туындыларының көрмесіне келуге шақырамыз! Сіздерді асыға күтеміз!

Көрме өтетін күн: 2018 жылдың 25 маусым - 1 шілде аралығы

Ресми ашылуы: 2018 жылдың 25 маусымы, сағат 11:00

Өтетін орны: Оқушылар Сарайының көркемсурет галереясы, 2 қабат

Мекенжайы:  Астана қ., Бауыржан Момышұлы даңғылы,