Алматы музейінде «Балалықтың бал күлкісі» атты көрме ашылды. Аталған көрме жас балалардың шығармашылық талабын қолдап, жаңа серпін беру мақсатында, сондай-ақ ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Авторлардың түрлі техникалар мен жанрларда орындалған жұмыстары арқылы кез келген адам әлемге балалардың көзімен қарауға мүмкіндік алды. Экспозицияға 50-ден астам жас қылқалам шеберлерінің жұмыстары қойылған. Көрме балаларға ел тарихын, қаламыздың бүгіні мен болашағын терең танып, қоршаған әлемге деген көзқарасын сурет арқылы жеткізуге мүмкіндік береді.
Іс-шараның ашылу салтанатына жасөспірімдер шығармашылығына қызуғушылық танытып әрі қолдау білдірген қала тұрғындары мен өнер жұлдыздары да келді.
Согласование использования производится с разрешения правообладателя.