Абайдың 175 жылдығына арналған "Қара сөздер" байқау

"Қара сөздер" немесе "Сөз кітабы" – қазақ ақыны, ағартушы Абайдың іргелі туындысы. Бұл прозалық поэма 45 қысқа астарлы әңгімелерден және философиялық трактаттардан тұрады. Аталған шығармада ұлттық тәрбие мен дүниетаным, мораль мен құқық, Қазақ тарихының мәселелері көтеріледі.

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

  • Жас қазақстандықтарда  жан-жақты дамыған жеке тұлғалардың қасиеттерін  дамытуға ықпал ету әлеуетін жандандыру.
  • Жас ұрпақтың эмоционалды дамуын және  қоршаған ортаны шығармашылық тұрғыда қабылдауын қалыптастыру.
  • Шығармашылық қызмет аясы арқылы патриотизм мен азаматтық сана сезімдерін насихаттау.
  • Балалар мен жасөспірімдер арасында жауапкершілік пен адамгершілік сезімін дамытуға үлес қосу.
  • Адамгершілік, азаматтық жетілу, рухани, эстетикалық талғамды қалыптастыруға ықпал ету.
  • Қазақстанның барлық аймақтарын қатыстыру.

БАЙҚАУ  ШАРТТАРЫ:

Күні: 15-ақпаннан 15-мамырға дейін

География: Қазақстан Республикасы

Қатысушылардың жасы: 10-17 жас

Тақырыбы: Абайдың қара сөздері

Сурет салу техникасы: Бейнелеу өнері

БАЙҚАУДЫҢ МАЗМҰНЫ:

Байқауға Қазақстан Республикасының барлық аймақтарынан 10-17 жас аралығындағы оқушылар шақырылады. Әр автор суреттердің шексіз санын ұсына алады.

Әрбір жұмыс ұйымдастыру комитетіне 2020-жылдың 15 - мамырдан кешіктірілмей жіберілуі тиіс. Олардың іріктелуі Алматы қаласында 2020 жылғы мамыр айының 16-31 күндері аралығында өткізіледі. Таңдалған суреттер «Абайдың қара сөздері» жаңа басылымына иллюстрация ретінде қазақ және орыс тілдерінде басылады.

Байқаудың барлық қатысушылары "Қатысу сертификатына" ие болады, ал жеңімпаздарға "Жеңімпаз дипломы" беріледі. Сондай - ақ, олар өз иллюстрацияларымен "Абайдың Қара сөздері" атты жаңа басылымды жүлде ретінде алады. 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Байқаудың комитеті Абайдың кітабында сипаттаған барлық аспектілерін қамту үшін әр 45 "Қара сөздің" мақаласына назар аударуды сұрайды.

Жіберілген суреттер қайтарылмайды!

Ұйымдастырушылар балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын көпшілікке тарату және дамыту, сонымен қатар жобаны іске асыру мақсатында автордың келісімінсіз және авторлық сыйақысыз жұмысты жүзеге асыру құқығына ие бола алады.

ЖҰМЫСТАРДЫ ЖІБЕРУ РЕТІ:

Іріктелген жұмыстарды 2020-жылдың 15-мамырға дейін Алматы қаласынакез келген экспресс-почтамен (UPS, DHL және т.б.) төменде көрсетілгенмекен-жай жіберу қажет:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050026, Әуезов к-сі, 14А, 5-қабат

«Балалар әлемді бейнелейді» қоғамдық қоры

«Абайдың қара сөздері» байқауы

  1. Пошта қызметтері үшін төлемді жіберушінің өзі төлейді.
  2. Ұйымдастыру комитетіне ұсынылатын жұмыстар түпнұсқада, паспортсыз болуы қажет, сонымен бірге бұралмаған күйде, конвертке салынып жіберілуітиіс. Зақымдалған жұмыс ұйымдастыру комитетімен бағаланбайды.
  3. Әрбір жұмыстың артқы бетінде төменгі оң жақ бұрышында орыс және қазақ тілдерінде келесі ақпаратты анық жазу қажет:

қала, облыс

 

оқу орнының атауы, мекен-жайы

 

автордың аты, тегі, жасы

 

Абайдың Қара сөзінің №

 

жұмыс атауы

 

* Толтырылған кестені e-mail-ге жіберу қажет: org@drmfund.com

Сіздердің жұмыстарыңызды қуана күтеміз және табыс тілейміз!